Көкпардан жастар арасындағы XIV Қазақстан Республикасы чемпионатының кіші финалдық бәсекелері өтті.
Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан көкпардан жастар арасындағы XIV Қазақстан Республикасы чемпионатының кіші финалдық бәсекелері өтті.
Алғашқы ойын Алматы қаласының құрамасы мен Жамыбл облысынан келген «Әулиеата» жастар көкпар командасы арасында өтті. Тартысты өткен жарыста жамбылдықтардың мерейі үстем болып 4-0 есебімен жеңіске жетті.
Ізін ала 4-5 орындар үшін Алматы облысы құрамасы мен Маңғыстаудан келген «Адай ата» жастар көкпар командасы арасында тартысты бәсеке өтті. Алғашқы тайм 2-2 есебімен тең аяқталса, ойынның соңғы 5 минутында Алматы облысының құрамасы сәтті салым салып есепте алға шықты. Ойын қорытындысында Алматы облысы 4-орынға ие болды.
Нәтижелер:
1-3 орын үшін: Алматы қаласы – Жамбыл облысы 0-4
4-5 орын үшін: Маңғыстау облысы – Алматы облысы 2-3
Ертеңгі болатын шешуші ойында Жамбыл облысы мен Түркістан облысы жастар құрамалары кездеспек.
-
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тоғызқұмалақтан ашық республикалық бұқаралық онлайн турнирі өтті 29/11/2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тоғызқұмалақтан ашық республикалық бұқаралық онлайн турнирі өтті
-
«Спорт саласында жемқорлық тәуекелдерін алдын алу» тақырыбында онлайн конференция өтті 27/11/2020
«Спорт саласында жемқорлық тәуекелдерін алдын алу» тақырыбында онлайн конференция өтті
-
Эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем Чемпионаты Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі 20/11/2020
Эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем Чемпионаты Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі
-
Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Кубогі өтті 16/11/2020
Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Кубогі өтті
-
Асық атудан Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті 10/11/2020
Асық атудан Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті
-
Грэпплингтен AIGA Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. 08/11/2020
Грэпплингтен AIGA Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.