«Спорт саласында жемқорлық тәуекелдерін алдын алу» тақырыбында онлайн конференция өтті

27/11/2020

27 қараша күні Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бірлесе отырып «Спорт саласында жемқорлық тәуекелдерін алдын алу» тақырыбында онлайн конференция өткізді.


«Спортты дамыту дирекциясы» директорының орынбасары Е.Корбозов модераторлығымен өткен шараға Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілі Қамзолдаев Марат Болысбекұлы, НұрСұлтан қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы Департаментінің арнайы істер офицері Қозыбаев Диас Қамбарұлы, Мәдениет және спорт министрлігінің Ішкі аудит басқармасы басшысы Талғаров Айдос Асқарұлы мен дирекция ұжымы қатысты.
Конференция барысында елімізде жемқорлыққа қатысты жасалып жатқан іс-шаралар мен жобалар түсіндірілді. Жиын барысында арнайы мамандар дирекция ұжымының көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер