Мемлекеттік органдардағы жемқорлықпен күрес шаралары

18/04/2018

18 сәуір сағ 11.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ғимаратында (Мәңгілік ел, 8, 15 кіреберіс) спорт және дене шынықтыру саласының мамандарына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы  бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа әкелетін жайдайларды жоюға бағытталған  ұсынымдарын қарастыру» тақырыбында жиналыс өтті.  Сондай-ақ, күн тәртібінде –ҚР Қылмыстық атқару кодексі 200 бабына сәйкес, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде ұсынымдарды қарастыру тәжірибесі,  мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Астана қаласы әкімдігінің бірлескен – «Астана – адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы сөз болды. Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті Серік Маратұлы спорт саласында жемқорлықпен күрес шаралары турасында айта келіп, жемқорлық фактілеріне төзбеушілікке шақырды. Бұдан басқа, ол мемлекеттік жаттықтырушылардың өз кәсіби деңгейіне сай не сай еместігін анықтау мақсатында қайта аттестациялаудан өткізу қажеттігін айтты.  Сонымен қатар, төраға болашақта да жемқорлықпен күрес шараларының күн тәртібінен түспейтіндігін алға тартты.

Сөз сөйлегендер:

-         Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы – Серік Маратұлы Жарасбаев;

-         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы  бойынша департаментінің жетекшісі – Қабдолла Шыңғыс Қайыпұлы;

-         Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жетекшісі -  Каскин Тлеген Төлегенұлы;

-         Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жетекшісінің орынбасары — Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы;

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер