Қазақстандық спортшылар қазтабанмен жүзу бойынша Әлем кубогында сәтті өнер көрсетті

16/04/2018

Сәуір айының 13 мен 15 күндері аралығында Германияның Лейпицг қаласында қазтабанмен жүзу бойынша Әлем кубогының 3-кезеңі өтті. Әлемнің 20 елінен 400-ден аса спортшы қатысқан жарыста, Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті. Аталған жарыста ел спортшылары 3 алтын, 2 күміс медальды иеленді. Классикалық қазтабанда Егор Макешин 50, 100 және 200 метрлік дистанцияда жеңімпаз атанса, Ратибор Щербаков 50 және 100 метрде күміс жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер