Көшпенділер шайқасы-10» кешінің басты жекпе-жегін Әлем чемпионы Шавкат Рахмонов өткізеді

28/04/2018

9-12 мамырда Астананың 20 жылдығына орай мерейтойлық халықаралық «BATTLE OF NOMADS-10» кәсіби турнирі өтеді.

«Көшпенділер шайқасы» халықаралық турнирі аясында алғаш рет,  ең жеңіл 61,2 кг салмақта Гран-при сарапқа салынады. 8 спортшы күн сайын финалға шығу үшін күш сынасады.

 «BATTLE OF NOMADS-10» турнирінің шарықтау шегі, ол ең таңдаулы 10 жекпе-жек кеші. Сол кеште екі чемпиондық белбеу өз жеңімпазын табады. Бір белбеу Гран-при мықтысына бұйырса, екінші жеңімпаз кештің басты жекпе-жегінде анықталады.

Кештің бас жекпе-жегінде еліміздің танымал майталманы, Қазақстаннан шыққан ММА бойынша тұнғыш Азия мен әлем чемпионы, жеңіліс көрмеген Шавқат «НОМАД» Рахмонов пен Тәжікістан елінің мақтанышы, «АХМАТ» жауынгерлік клубының жауынгері Фаридун «ТЕРМИНАТОР» Одиловпен кездеседі.

Еске сала кетсек, Шавқат Рахмонов М-1 Global халықаралық тұжырымында сәтті өнер көрсетіп, еш жеңіліс көрмеген үздік спортшысы. 2016 жылы чемпион атағы үшін қазіргі таңдағы чемпион Алексей Кунченкоға қарсы жекпе-жегін өткізбек болатын, бірақ аяғына жарақат алып, бір жарым жылға спортпен айналысуды тоқтатуға мәжбүр болды. Осы жылдың ақпан айынла Рахмонов қарсыласы Леван Солодовникпен жекпе-жегін бірінші-ақ раундта қылқындыру әдісімен аяқтап, жарқын қайта оралды. Ал қазіргі кезде Шавқат чемпион белбеуі үшін жекпе-жегін «BATTLE OF NOMADS-10» мерейтойлық кәсіпқой турнирінде өткізеді.

 Оның қарсыласы Фаридун «ТЕРМИНАТОР» Одилов өз елінде үздік спортшыларының бірі, «АХМАТ» тұжырымында сәтті өнер көрсетіп жүр. Одилов Қазақстанға 2016 жылы келген болатын. Ол кезде «BATTLE OF NOMADS-8» турнирінде Азия чемпионы Жасұлан Хасимовпен өткізген жекпе-жегінде жеңімпаз атанған.

Турнир тікелей эфирде «KAZSPORT» телеарнасында өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер