Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған шағын футболдан турнир өтті

05/05/2018

Бүгін "Олимп" каратэ орталығында шағын футболдан Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған шығын футболдан турнир өтті. Аталған жарысқа Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ұйымдар мен Нұр-Отан партиясы атынан 4 команда қатысты. Алғашқы жартылай  финалда "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының" қос командасы арасында өтті. Бұл ойында 11-1 есебімен жастардан құралған бірінші команда жеңіске жетті. Екінші жартылай финалда Нұр-Отан партиясы мен Спорт және денешынықтыру істері комитетінің командалары кездесіп, 7-1 есебімен нұротандықтар басым түсті. Үшінші орын үшін ойында "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының" екінші құрамы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің командасы 4-0 есебімен жеңді. Финалдық ойын  қос мықты "Ұлттық штаттық командалар эәне спорт резерві дирекциясының" бірінші құрамы мен Нұр-Отан партиясы командалары  арасында өтті. Оған дәлел алғашқы 10 минту бойы қос қарсылас қақпаға допты дарыта алмады. Десе де, 11 минута есепті "ҰШК жСРД" командасы ешеп ашса, араға минут салып Нұр-Отандықтар нәтижені теңестірді. Қалған ойын уақыты "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының" командасы басмыдылығымен өтті, Қорытынды есеп 8-1.

Нәтиже.

1/2 финал: 

"ҰШК ж СРД-1" - "ҰШК ж СРД-2" / 11-1

Нұр-Отан - Спорт және дене шынықтыру істері комитеті/ 7-1

3-орын үшін:

"ҰШК ж СРД-2" - Спорт және дене шынықтыру істері комитеті/4-0

Финал:

"ҰШК ж СРД-1" - Нұр Отан/8-1

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер