Ақтөбеде джиу-джистудан ҚР Кубогы өтті

07/05/2018

3-6 мамыр аралығында Ақтобе қаласында Джиу-Джитсудан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық спортшылар бақтарын сынаған додада 11 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және әлем, Азия біріншілігінің жүлдегерлері қатысты.

Бұл ҚР Кубогы спортшыларымыз үшін Азия чемпионатының алдындағы бір бастама болды. Джиу-Джитсудан 2018 жылғы Азия чемпионаты шілде айының басында Ақтау қаласында өтетінін хабарлаймыз.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер