Триатлон жұлдыздары Астанада

17/05/2018

17 мамыр сағ 14.00-де «Astana Music Hall» (Бауыржана Момышұлы к, 1) м/ж бойынша Астананың 20-жылдығы аясында ұйымдастырылған  триатлоннан «ITU World Cup Astana 2018» әлем кубогі кезеңіне арналған баспасөз-конференциясы өтті. Шараға әлемдік рейтинг көшбасшылары келді: Дмитрий Гааг (Қазахстан), Мин Хо Хе (Корея), Дмитрий Полянский (Ресей), Люси Холл(Ұлыбритания). Сондай-ақ, Әлем Кубогының елшілері австралиялық спортшы Марсель Уилкингтон, мен триатлон жаттықтырушысы Тамсин Муанавил келді. Баспасөз-конференциясының басында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Жарасбаев спортшыларға сәттілік тіледі.

«Шын жүректен триатлоннан Әлем Кубогі Кезеңінің қонақтары мен қатысушыларына Астанаға қош келдіңіздер дегім келеді. Осы жылы Астананың 20-жылдығы аясында біздің министрлік бірнеше өте жарқын спорттық шараларды дайындап жатыр. Солардың бірі – осы демалыс күндері Астананың триатлон паркінде өтетін Әлем Кубогі. Елордаға ең мықты деген триатлоншылар келді. Қала тұрғындарын ең қызықты көріністер күтеді деген сенімдемін. Біз барлықтарыңызды қолдаймыз. Сәттілік!».

Елордаға 2017-ші жылы Астанада өткен Азия Кубогінің жеңімпазы Марсель Уилкингтон да келді. Спортшының айтуынша, ол Әлем Кубогін асыға күтуде.

«Өткен жылы мен жарыстан өте мықты әсер алдым. Азия Кубогінің жеңіпмазы болғаным ғана үшін емес, сондай-ақ, бізге қолдау білдірген тұрғындарға ризашылығым үлкен.  Осы жылы мен Астанаға сонымен қатар, елші ретінде келдім, қасыма Тамсин Муанавилді де ерте келдім. Біз қазір аталған турнирді жарнамалаумен айналысып жатырмыз».

Марселдің Астанаға Әлем Кубогіне барайық деген ұсынысын, Тамсин Муанавил аса үлкен қызығушылықпен қабылдаған.

«Маған Астана қатты ұнады. Бүгінде спортшылар жарықа қарқынды түрде дайындалып жатыр. Әйелдер жарысында ОАР келген, жетекші спортшы  Джиилан Сандерс қатысып жатыр. Біз турнирге бірге қатыстық, бірақ барлығы жарыс күніне байланысты. Бұл жарыс көптің есінде қалуы тиіс. Себебі, дайындық жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр».

Естеріңізге салайық, мамырдың 19-20 күндері Астананың триатлон паркінде «ITU World Cup Astana 2018» әлем кубогі кезеңі өтеді. Шараға әлемнің 38 мемлекетінен 130 спортшы тіркелді. Триатлоншылардың көбі әлемдік рейтингтің жүздігіне енген. Спортшылар  ең мықтыны «Стандартты» дистанцияда анықтайды (1500 м. – жүзу, 40 км – вело, 10 км – жүгіру). Сонымен қатар, бағдарламада: балаларға арналған жарыстар, көңіл көтеру бағдарламасы, концерттік шаралар. 20 мамырда Age Group (әуесқойлар) арасында старт басталады. Ондағы басты мақсат – елімізде триатлон дәрежесін көтеріп, бұқаралық сипат беру

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер