Әлем чемпионатында қазақстандық муайтай шеберлері 7 медаль иеленді

21/05/2018

Мексиканың Канкун қаласына 10-20 мамыр аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен муайтай шеберлері жиналды. Әлемнің 77 елінен келген 800-ден аса спортшы Әлем чемпионаты медаліне таласты. Қазақстан құрамасы  атынан аталған жарысқа 13 спортшы қатысып, 7 медалді иеленді. Күміс медальді 51 келіге дейінгі салмақта  Еламан Саясатов Қазақстан қоржынына салды. Төмендегі спортшылар жарыстың қола жүлдегерлері атанды:

48 келі - Арифханов Бахытжан
57 келі - Сарсембеков Алмаз
60 келі - Галиев Ишан
67 келі - Канатбаев Жанибек
71 келі - Нефталиев Намик
75 келі - Лопарев Вадим

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер