Турнирге өтінімдер қабылдаймыз!

04/06/2018

Турнирге өтінімдер қабылдаймыз!

Астана- 30 маусым сағ.10.00-де Сарыарқа велотрегінде (Қабанбай батыр, даңғылы, 42)  Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған мини-футболдан республикалық турнир өтеді. Осыған орай, Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті осы турнирге қатысқысы келетін командалардан өтінімдер қабылдауды бастайды. Сондай-ақ, 30 маусымда өткен жылы ұйымдастырылған «Үздік спорт журналисті» республикалық байқауының журналист-лауреаттары С.Бердіқұлов атындағы премиясымен марапатталады.

Айта кету керек, бұл турнир 1995 жылдан бері үнемі өткізіліп келеді және интернет-порталдардың қызметкерлері, газеттер, журналдар, радио және телевидение қызметкерлері арасында танымал.

Жеңімпаздардан басқа, ұйымдастырушылар 5 номинация бойынша үздік ойыншыларды марапаттайды. Турнирдің төрешілері мен осы спорттық жарыстың өткізілуіне елеулі үлес қосқан адамдар да назардан тыс қалмайды.

Өтінімдер 2018 жылдың 7 - 20 маусым аралығында press.dshnk@gmail.com электронды поштасына қабылданады:

 

Байланыс: Айдос Рымқұл  - 8708 4943120

 «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК баспасөз-қызметі

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер