Астанада киокушинкай-кан каратэден Азия Чемпионаты өтеді

11/06/2018

2018 жылдың 16-17 маусым күндері «Дәулет» спорткомбинатында, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай  киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер, кіші жастағы қыздар, ерлер  және әйелдер арасында    Ашық Азия Чемпионаты өтеді. Бұл Чемпионатта кумитэ және ката түрі бойынша  12 жастан  жоғары  спортшылар 37 салмақта  сынға түседі.

Құрлықтық бәсекеге   12 мемлекеттен  250-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазіргі таңда чемпионатқа Иран, Ирак, Үндістан Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Жапония, Монғолия, Түркменстан  мемлекеттері қатысатындығын растады.

Жылдың байрақты бәсекесінде ел намысын ерлер арасындағы Әлем чемпионы Карменов Алишер, 2015 жылдың Азия Чемпионы, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Гарас Никита, әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабырхан Әлемгул, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сауытова Мадина сынды еліміздің үздік жас татами шеберлері қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер