Қазақстан жастары күрес түрлерінен Әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

14/06/2018

Бұл күндері Ресейдің Владимир қаласында құлағында мүкісі бар спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен 3-ші Әлем біріншілігі мен 5-ші Әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күні сынға түскен Қазақстан жастары 6 жүлдеге ие болды. Қазақстан сапында Әлем чемпионатының күміс жүлдесін 80 келіге дейінгі салмақта Амангелді Нұргелді мен 92 келіге дейінгі салмақта Әбдіраәсіл Рамазан жеңіп алды. Жарыстың қола жүлдесін Роллан Мұхаммедқалиев (60 келі), Сәлімжан Әлібек (48 келі), Мұхаммед Кассиров (65 келі), Жалғас Арыстанов (55 келі) иеленді. 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер