«Алакөл-2018» Дуатлоннан Республикалық жарыс басталады

05/07/2018

13 шілде Алматы облысы, Алакөл ауданында дуатлоннан «Алакөл-2018» Республикалық жарысы өтеді.

Жарысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы облысының әкімдігі бірлесе ұйымдастырады. Бұл жарыстың негізгі мақсаты -  салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорт пен ішкі туризімнің дамуына үлес қосу.

Жарыс спорттың 2 түрі бойынша өтеді: бірі 5 шақырымға жүгіру, екіншісі 10 шақырымдық веложарыс.

Бұл турнирге ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен пен еліміздің бетке ұстар спортшылары қатысады деп күтілуде.

 

Жарыстың өткізілу уақыты: 13  шілде, 2018 жыл

Өтетін жері: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылы,

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер