Нормативтік құқықтық актілер

Спорттық іс-шараларды  өткізудің  ішкі  қағидасы

 

 

  1. Жалпы  ережелер

 

Осы   Ішкі  қағида Қазақстан  Республикасы  Мәдениет және  спорт 

министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы бұйрығымен   бекітілген Спорттық

іс-шараларды өткізудің қағидасына және кәсіпорын Жарғысының                        3- бөлімінің 14-тармағы 2) тармақшасына, 8-бөлімі 46-тармағына  сәйкес,  сондай-ақ бюджет қаражатындағы бұзушылықтарды жою мақсатында  әзірленді.

 

  1. Спорттық   іс-шараларға  қаражатты

бөлу  және ресімдеу   тәртібі

 

  1. Бас  жаттықтырушы (мемлекеттік жаттықтырушы, команда

 басшысы)   спорттық  іс-шараны  өткізетін күннің алдындағы  айдың 20-на  дейін,  егер конкурстық рәсімдерді өткізу қажет  болса, 30 жұмыс  күні  ішінде, өтетін мерзімі, орны және  қатысушылар құрамын, сондай-ақ  аталған  іс-шара  бойынша  алдын  ала  шығыс  сметасын көрсеткен  осы     іс-шара  туралы  баянат  береді.  Аталған  баянатқа    басшылық  қол қойған  соң, баянат Жоспарлау-экономикалық бөлімге Жинақтағышқа   тапсырылады.  Аталған  спорттық  іс-шараны  спорт  басқармасы (жергілікті  атқарушы  орган) немесе федерация  есебінен қаржыландыру    жүзеге  асырылатын  болса,  мұндай  деректер  баянатта   көрсетілуі  тиіс. 

  1.  Жоспарлау-экономикалық  бөлімі   бас  жаттықтырушыдан

(мемлекеттік жаттықтырушы, команда  басшысынан) баянаттарды  жинайды  және   алдағы  айға  бюджет қаражатын  бөлуге  енгізеді,  оған  кәсіпорын  қызметкерлерінің жалақысы, офисті жалға  алу,  спорт ғимаратының жылдық  жалға  алу  ақысы, халықаралық  спорт  жарыстарының  чемпиондары   мен  жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларын  көтермелеу  үшін  ақшалай  төлемдер, іссапар  шығыстары,  бірыңғай  киім-кешек  және   құрал-жабдықтар сатып алу  және  басқа  шығыстар  кіреді. 

         3.Бұқаралық-спорттық іс-шаралардың  күнтізбелік жоспарының  орындалуын тексеру жөніндегі жұмыс  тобы  ай  сайын  25 күні,  алдағы айға (айларға)  бюджет  қаражатын бөлуды  қарастырады және қаржыландыруға  жіберілген іс-шаралардың тізімін мақұлдайды. 

4. Материалдық жауапкершілік туралы Шартқа қол қойған бас  жаттықтырушы (мемлекеттік жаттықтырушы, команда  басшысы)     (бұдан  әрі – Материалдық жауапты тұлға) Жұмыс тобы іс-шараларды   мақұлдағаннан кейін,  іс-шара  туралы   бұйрықты ресімдеуге   кіріседі.

5. Ұйымдастыру-құқық жұмысы және материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету бөлімі баянаттың негізінде  алдағы  спорттық  іс-шара бойынша бұйрықтың  жобасын дайындайды, сондай-ақ  Кадр жұмысы  бөлімі  іссапарға  баратын  жаттықтырушылардың  сәйкестігіне қатысушылар  құрамын  тексереді.  

6. Жоғары  жетістіктер спорты басқармасы аталған  баянатты  спорттық  іс-шараның  бірыңғай спорттық  күнтізбеде болуына  және  қатысушылардың  уәкілетті орган  бекіткен ұлттық  құраманың  тізімінде бар, не жоқ  екендігіне, сондай-ақ  спорттық  іс-шараны  өткізу мен  қатысушылар  құрамының  мақсатқа  сай  екендігін  қарастырады.

7. Жоспарлау-экономикалық  бөлімі  спорттық   іс-шараның  Қаржылық  күнтізбеде болуын  қарастырады  және  аталған  іс-шара  бойынша шығыс  сметасын жасайды, онда қонақ  үйде тұру,  тамақтану нормаларын, тәулікақы   мен  басқа  шығыстардың бюджет заңнамасына  сәйкестігін  ұстанады. 

8. Материалдық  жауапты  тұлға  есепшоттарды, инвойстарды  төлемге  ұсыну жөніндегі   сұрақтарды  пысықтайды,  қажет болса   тұру, тамақтану ұшу,  спорт залын және спорт  кешендерін жалға  алу  жөніндегі  қызметтерге  және  басқа  шығыстарға қаражат  аудару  үшін   Шарт  жасайды.

9.   Ұйымдастыру-құқық жұмысы  және   материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету  бөлімі  қажетті  құжаттаманы  ресімдеуге (шарт  құрастыру, мәтінді  аудару  және т.б.) жәрдем  көрсетеді.

10. Мемлекеттік  сатып  алу  бөлімі қаржылық  күнтізбенің негізінде  аталған  жоспарға   қосуды  талап  ететін  іс-шараларды  мемлекеттік  сатып  алудың жоспарына енгізеді. Бас жаттықтырушымен (мемлекеттік жаттықтырушы, команда  басшысымен) келісе отырып, конкурстық  рәсімдерді  өткізеді. 

10-1. Аудару  жолымен төлем мүмкін  болмаған  жағдайда, бас  жаттықтырушы (мемлекеттік жаттықтырушы, команда  басшысы) осы  сұрақты  Жұмыс  тобының қарауына енгізеді. Жұмыс тобы  аудару  жолымен  төлемнің неліктен мүмкін еместігін, объективті   салдарын  қарастырады  және қаражатты материалдық  жауапты  тұлғаның карточкасына  жіберу  туралы  шешім  қабылдайды.

11.  Қаржылық  қаражатты  бөлу    смета   шығыстарын  бекітіп,   тиісті  бұйрыққа  қол қойғаннан кейін жүзеге  асырылады.

12.Қаржылық  қаражат  растама  құжаттарды ұсына  отырып,  шығыс сметасында  көрсетілген  мақсаттарға   бағытталады.

13. Материалдық  жауапты  тұлға   іс-шара  өткеннен  кейін бес  жұмыс күні  ішінде  растайтын  құжаттармен (тұру, тамақтану, отырғызу  талондары, билеттер  және  басқа  растама  құжаттар) бірге  шығыстар  туралы  бухгалтерияға  есеп тапсырады. Егер растама  құжаттарын  уақытында тапсырмаса, басшылық  тәртіптік  жаза қолданады.

14. Қазақстаннан тыс  жерлерге  іссапарға  барғандар,  іссапарға  барған  еліне  кіру/шығу туралы  шекаралық  бақылау  белгілері  бар төлқұжатының сканерленген  көшірмесін ұсынуға  міндетті. 

15. Келген  елін растайтын алдын ала  қаржылық құжаттар сканерден өткізіліп, электронды  поштамен бухгалтерияға  жіберіледі. 

 

3. Спорттық іс-шаралардың  бірыңғай  күнтізбелік жоспарына  өзгерістер/толықтырулар  енгізу   тәртібі

 

16. Бас жаттықтырушы (мемлекеттік жаттықтырушы, команда  басшысы)   аталған  өзгерістерді  енгізудің негіздемесін  көрсете  отырып, Спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарына  өзгерістер/толықтырулар  енгізудің қажеттігі   туралы  баянат  дайындайды.

17.  Жоғары  жетістіктер  спорты   басқармасы  аталған  баянатта ұсынылған  өзгерістер/толықтыруларды  енгізудің     мақсатқа  сай екендігін қарастырады.

18. Жоспарлау-экономикалық  бөлімі   бірыңғай  күнтізбелік жоспарға  ұсынылған өзгерістер/толықтырулардың  үнемдеу есебінен, болмаса басқа  қаржыландыру  көздерінен аталған  іс-шарада  көрсетілген  қаражаттың  болуын қарастырады.  

19. Өзгерістер/толықтырулар енгізудің  негіздемесі  болған  жағдайда,  іс-шараны  бірыңғай  күнтізбелік жоспарға қосу  туралы  мемлекеттік  басқару органына  ұсыныс  енгізеді.

20. Мемлекеттік  басқару органы ұсынылған  өзгерістер/толықтыруларды  мақұлдағаннан кейін (өзгерістер/толықтырулар енгізу  туралы  бұйрық)  аталған  спорт түрі  бойынша  Қаржылық  күнтізбеге енгізеді. Аталған  бөлімде рәсімдер  аяқталған  соң  материалдық  жауапты  тұлға   іс-шараны рәсімдеуге  кіріседі.

 

4.Қортынды  ережелер

 

21. Спорттық  іс-шараларды  өткізудің қолданыстағы  ішкі  қағидасы

бұзылған  жағдайда, оған  кінәлі тұлғалар  Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген  жауапкершілікке  тартылатын болады.

         22. Осы Қағидамен реттелмеген   сұрақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына  сәйкес  шешіледі. 

 

__________________________________

Сілтемелер