Главная > Новости > Баспасөз хабарлама
Баспасөз хабарлама
13-24 қыркүйек аралығында Атырау қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының 5-ші Спартакиада ойындары өтеді. Спартакиада ойындарының бағдарламасы бойынша 11 спорт түрлері бойынша өтеді. (Жеңіл атлетика, үстел теннисі, отырып ойнау волейболы, пауэрлифтинг, тоғызқұмалақ, жүзу, дойбы, шахмат, дзюдо, таеквандо және нысана көздеу). Спартакиада ойындарына шамамен 1000 астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.