Главная > Новости > Баспасөз хабарламасы
Баспасөз хабарламасы
Қыркүйектің 11-16 аралығында Ақтөбе қаласында еліміздің ауыл азаматтары спорттық ойын түрлерінен бақ сынасады. «Ақ бидай» республикалық VI ауыл спорты ойындары ұйымдастырылуда. Жарысты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен облыстық әкімдіктер. Байрақты бәсекеге республиканың барлық өңірінен 1500 астам спортшы, 16 құрама команда қатысады. Ұлттық спорт түрлері бойынша аламан бәйге, бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі қол күрестіру, сонымен қатар, бұқаралық спорт түрлері де назардан тыс қалмайды. Мини футбол, волейбол, гір көтеру,жазғы президенттік көпсайыс жарысы бойынша да тартысты ойындар болады.