Главная > Новости > «Ақ бидай» VI Республикалық ауыл спорт ойындары
«Ақ бидай» VI Республикалық ауыл спорт ойындары
2017 жылы 11-16 қыркүйек кезеңінде Ақтөбе қаласында «Ақ бидай» VI Республикалық ауыл спорт ойындары өтті. Ауылдық ойындарға Еліміздің 14 облысынан жиналған атлеттер өзара сынға түсті. Дода бағдарламасында аламан бәйге, аударыспақ, асық ату, бәйге, тоғызқұмалақ, жамбы ату, қазақ күресі, көкпар, теңге ілу сияқты, ұлттық спорт түрлерінен өзге олимпиада бағдарламасынан футбол, воллейбол, жазғы президенттік көпсайыс, армрестлинг және гір тасын көтеру де бар. Төрт жылда бір рет өтетін біріншілікке биыл 2 мыңға жуық спортшы жиналды.