Главная > Новости > Пхенчхан қысқы Олимпиада медальдарын таныстырды
Пхенчхан қысқы Олимпиада медальдарын таныстырды
Пхенчхан қысқы Олимпиадалық Ұйымдастыру комитеті бүгін 2018-жылғы XXIII қысқы Олимпиада ойындарының медальдарын таныстырды. Жеңімпаздарға табыс етілетін медальдардың алдыңғы бетінде Олимпиада сақиналары, екінші бетіне Пхенчхан қысқы Олимпиадасының логотипі бейнеленген. Медальдың диаметрі 92.5 миллиметр, шығыңқы бетінің қалыңдығы 9.42 миллиметр, ойыс бетінің қалыңдығы 4.4 миллиметрді құрайды. Алтын медальдың салмағы 586 грамм, «күміс» – 580 грамм, «қола» – 493 грамм. Атап өткен жөн, алтын медальдың салмағы 2014-жылғы Сочи Олимпиадасы алтын медалінен ауырлау болып отыр. Еске сала кетейік, қысқы Олимпиада ойындары келесі жылы 8-25 ақпан аралығында Оңтүстiк Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.