Главная > Новости > Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды
Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды
Қазақстан құрамасы Алматыда 2018 жылы волейболдан өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтіп жатқан жарыстың екінші күнінде Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайлық Тайбеймен кездесіп, Әлем чемпионатының жолдамасын осы ойында шешті. Төрт партияға созылған ойында отандастарымыз керемет ойын үлгісін көрсетіп, Қытайлық Тайбейді 3:1 есебімен жеңді. Айта кетейік, Әлем чемпионатының жолдамасына Қытай, Аустралия, Фиджи және Қытайлық Тайбэй әйелдер құрамалары таласып, тек екі команда ғана жолдамаға ие болады.