Главная > Новости > Ақерке Наурызбаева Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Ақерке Наурызбаева Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық кикбоксшы Ақерке Наурызбаева Ашхабадта өтіп жатқан Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Қандасымыз «фул-контакттен» өткен сайыста қарсылас шақ келтірмеді. Финалда Ақерке Иран елінің өкілі Фатемеха Ализадені жеңді – 2:1. Осылайша қоржынында 20 алтын медалі бар Қазақстан құрамасы жалпы есепте Иран мен Қытайға жақындай түсті.