Главная > Новости > Ашхабад-2017: Эльмира Сыздықова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
Ашхабад-2017: Эльмира Сыздықова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен күміс жүлдеге қол жеткізді. Әйелдер күресінен 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Эльмира Сыздықова Азия ойындарының ақтық белдесуінде қытайлық балуанға есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтты. Эльмира Сыздықова Рио Олимпиадасында қола медальді еншілеп, әйелдер күресінен жүлделі орынға қол жеткізген тұңғыш қазақ қызы болған еді.