Главная > Новости > Байдарка және канаоэ есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1-орын иеленді
Байдарка және канаоэ есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1-орын иеленді
12-18 қазан күндері Қытайдың Шанхай қаласында Байдарка және канаоэ есуден Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы 16 алтын, 6 күміс, 5 қола еншілеп аталған жарыста топ жарды. Бұл жолы екінші орын Қытайға бұйырса, Өзбекстан елінен келген команда үшінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, бұл чемпионатқа Азияның 27 елінен келген спортшылар қатысты.