Главная > Новости > Шымкентте бадминтоннан жасөспірімдер арасында ел чемпиондары анықталды
Шымкентте бадминтоннан жасөспірімдер арасында ел чемпиондары анықталды
Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында қазан айының 16-22 жұлдызында бадминтоннан 1999 жылға дейінгі жасөспірімдер арасында ел чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарысқа Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Алматы қаласынан 90 спортшы қатысты. Турнир қорытындысында командалық есепте жарыс қожайындары Оңтүстік Қазақстан облысының мерейі үстем болса, 2-3 орындарға Қостанай мен Қарағанды облысының құрамалары ие болды. Жекелей сында ұлдар арасында оңтүстікқазақстандық Икрамжан Юлдашев пен қыздар арасында Қостанай облысының намысын қорғаған Ия Гордеева жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары атанды. Жұптық сында И.Юлдашев/Д.Абдуллаев (ОҚО) жұбы қарсылас шақ келтірмесе, Ә.Серікбаева мен А.Жұмабаева өнер көрсеткен тағы бір оңтүстікқазақстандық жұп қыздар арасында жеңімпаз атанды. Аралас жұптық сайыста бұған дейін екі рет ел чемпионы атанып үлгерген И.Абдуллаев пен Ә.Серікбаева топ жарды.