Главная > Новости > С.Бердіқұловтың жүлдесіне байқау жарияланады!
С.Бердіқұловтың жүлдесіне байқау жарияланады!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті белгілі спорт журналисті, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұловтың жүлдесіне спорт тақырыбын өздерінің жұмыстарына арқау етіп жүрген Қазақстанның БАҚ журналистері арасында жыл сайынғы байқауын жариялайды. Жүлде спорт тақырыбындағы үш материалдың авторына беріледі. Оның екеуі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жазылған материал болса, біреуі – орыс тіліндегі жұмыс үшін табысталады. Өтінімдер мен жұмыстар төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ, Мәңгілік ел, 8, Спорт және дене шынықтыру істері комитетітінің баспасөз қызметіне, немесе rauhan_13@bk.ru поштасына (С.Бердіқұловтың жүлдесі үшін байқауға қатысу деген белгімен). Өтінімдерді қабылдау — 2017 жылдың 15 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады. Аталған байқауға ұсынылатын жұмыстардың басты тақырыбы: 1. Қазақстандық спортшылардың Чемпионаттарда, Әлем және Азия Кубогы, Халықаралық гран-при, «А» категориялы турнирлер, Қазақстан біріншіліктеріндегі қазақстандық спортшылардың өнер көрсетулері 2. Қазақстандық БАҚ балалар, бұқаралық, паралимпиадалық және ұлттық спорт түрлері (Паралимпиадалық жарыстар, ұлттық спорт түрлері бойынша фестивальдар, марафондар мен ауылдық ойындар) туралы материалдар 3. Дене шынықтыру және спорт проблемалары және оларды шешу жолдары туралы мақалалар, материалдар, очерктер. 4. Спорт тақарыбындағы телевизиялық, радио бағдарламалар, деректі фильмдер,газеткен мен журналдарға шыққан мақалалар. 5. Қазақстан жазушыларының авторлық жұмыстары (кітаптар, спорттық энциклопедиялар және т.б.) Байқау жеңімпаздары арнайы диплом, «Сейдахмет Бердіқұлов байқауының лауреаты» төсбелгісі және ақшалай сыйақымен марапатталады. Аталған мәліметті Спорт және дене шынықтыру істері комитетітінің (www.sport.gov.kz) және Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы (www.kazsports.kz) сайттарынан таба аласыздар, лауреаттардың есімдері ҚР БАҚ мен жоғарыда көрсетілген сайттарда жарияланады. Қосымша ақпаратты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысынан ала аласыздар. 8 (7172) 74 08 61, 87051422707