Главная > Новости > Элизабет Тұрсынбаева Францияда рекордтық ұпайға қол жеткізді
Элизабет Тұрсынбаева Францияда рекордтық ұпайға қол жеткізді
Францияның Гренобль қаласында мәнерлеп сырғанаудан Әлемдік Гран-При кезеңі өтті. Аталмыш жарыста ел намысын олимп ойындарының қола жүлдегері Денис Тен мен Жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева қорғады. Ерлер арасында сынға түскен отандасымыз Денис Тен 8-орынға ие болса, әйелдер арасындағы жарыста Элизабет Тұрсынбаева өзінің спорттық ғұмырындағы рекордтық 200.98 ұпайына қол жеткізіп, жарыс қорытындысында 5-орынға тұрақтады. [b] Гренобль( Франция). Әлемдік Гран-При Ерлер.[/b] 1 Хавьер Фернандес (Испания) - 283.71 2 Шомо Уно (Жапония) - 273.32 3 Миша Ге (Өзбекстан) - 258.34 [b]8 Денис Тен (Қазақстан) - 228.57[/b][i][/i] [b]Әйелдер.[/b] 1 Алина Загитова (Ресей) - 213.80 2 Мария Стоскова (Ресей) - 208.78 3 Кэтлин Осмонд (Канада) - 206.77 [b]5 Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) - 200.98[/b][i][/i]