Главная > Новости > Қазақстандық спортшылар Кекушинкай каратэдан Әлем кубогында топ жарды
Қазақстандық спортшылар Кекушинкай каратэдан Әлем кубогында топ жарды
Қарашаның 11-14 жұлдызында Индонезияда Кекушинкай каратэдан 5-ші Әлем кубогы аяқталды.Аталған жарыста ел намысын қорғаған қыз-жігіттеріміз 4 алтын, 3 күміс және 3 қола медал иеленіп Қазақсатн құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Атап айтсақ 70 келі салмақта Стас Базалевич қарсылас шыдатпай Әлем кубогы иегері атанса, 65 келі салмақта Анар Сүйіндікова да сондай нітижеге қол жеткізді. Сәния Қасабаева мен Думан Балтабай катада жеңіске жетсе, Гүлнар Тұрдыбаева күміс, Қанат Сексенбаев қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ 56 келіде Сния Мұқанова, 64 келіден жоғары салмақта Күнсұлу Абулханова күміс медалды кеуделеріне тақты. Ерлер арасында сынға түскен Владимир Гриенведский қола жүлдені ел қоржынына салса, әйелдер арасында Амангүл Жапаева да қола жүлдені иеленді.