Главная > Новости > Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Шанхайдағы турнирде жүлдегер атанды.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Шанхайдағы турнирде жүлдегер атанды.
Бүгін Қытайда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық Shanghai Trophy турнирі аяқталды. Аталған сында Қазақстан намысын Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева қорғады. Әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылары еркін бағдарламада сынға түскен коммерциялық турнирдің жүлде қоры да қомақты. Жеңіске жеткен спортшы 25,000$ АҚШ долларына ие болса, 2-3 орындарға 18 және 12 мың АҚШ доллары беріледі. [b] Әйелдер: [/b] 1. Елена Радионова (Ресей) – 131.06 ұпай [i]2. Элизабет Турсынбаева (Қазақстан) – 128.45 ұпай[/i] 3. Мария Соцкова (Ресей) – 128.18 ұпай [b]Ерлер:[/b] 1. Александр Самарин (Ресей) – 175.65 ұпай 2. Морис Квителашвили (Грузия) – 157.78 ұпай [i]3. Денис Тен (Қазақстан) – 157.01 ұпай[/i]