Главная > Новости > Қазақстандық шорт трекшілер қоржынында 10 жолдама
Қазақстандық шорт трекшілер қоржынында 10 жолдама
Халықаралық конькимен жүгіру Одағы 2018 жылы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алған елдерді атады. Олимпиада жолдамасы 28 қыркүйек пен 19 қараша аралығында Будапештте (Венгрия), Дордрехт (Нидерланды), Шанхай (Қытай) және Сеул (Корея) қалаларында өткен Әлем кубогындағы нәтижелерге сәйкес берілген. Жолдамалардың 5-еуі ерлер, 5-еуі қыздар еншісінде. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрі бойынша өнер көрсетеді. Қазіргі таңда ұлттық құрама қоржынында 3 спорт түрі бойынша Олимпиаданың 23 жолдамасы бар. Олар: биатлон – 10, мәнерлеп сырғанау – 3, шорт трек – 10. Естеріңізге салайық, XXIII Қысқы Олимпиада ойындары Корея Республикасының Пхёнчхан қаласында ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында өтеді.