Главная > Новости > Ауыр атлетикадан 2018 жылы Әлем чемпионаты Ашхабадта өтеді
Ауыр атлетикадан 2018 жылы Әлем чемпионаты Ашхабадта өтеді
2018 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Түркменстанның елордасы Ашхабадта өтетін болады. Бұл туралы Халықаралық Ауыр атлетика Федерациясы(IWF) ресми түрде хабарлады. Бұл шешімге Халықаралық ауыр атлетика федерациясы атқарушы кеңесі Лима (Перу) қаласы әлем чемпионатынан бас тартқаннан кейін келді. Жарыс 24 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтпек. Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы Әлем чемпионаты Алматы қаласында өткен болатын.