Главная > Новости > Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
24-29 қараша аралығында Бангладеш астанасы Дака қаласында ерлер мен әйелдер арасында садақ атудан Азия чемпионаты өтті. Аталмыш сында ел намысын қорғаған Ақбарали Қарабаев-Диана Макарчук жұбы садақ атудың "Compound" түрі бойынша қола жүлдеге ие болды. Іріктеу кезеңінде 1382 ұпай жинап 5-орынға ие болған құрамамыз 1/8 финалда Бутанды 150-148 есебімен ұтса, Ширек финалдық кезеңде 4-нөмірлі Вьетнам құрамасынан 155-154 есебімен басым түсті. Жартылай финалда Ким Жонгхо-Со Чаевон(Оңтүстік Корея) жұбына 152-156 есебімен жол берді. Қола жүлде үшін таласта Чен Лиу Жу мен Пан Ю Пинг бастаған Қытайлық Тайпей жұбын 155-151 есебімен ұтты.