Главная > Новости > Қазақстандық конькимен жүгірушілер Әлем кубогында үздік ондыққа кірді
Қазақстандық конькимен жүгірушілер Әлем кубогында үздік ондыққа кірді
1-3 желтоқсан аралығында Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының 3-кезеңі өтті. Аталған жарыста ел намысын қорғаған қыз-жігіттеріміз үздік ондықтың қатарынан көрінді. Атап айтатын болсақ, жарыстың алғашқы күні командалық спринтте "А" тобында сынға түкен құрамамыз 6-орынға ие болса, әйелдер арасында 3000 метр қашықтыққа жүгіруде Елена Урванцева "В" тобында 26-орын алды. Ұзақ қашықтық - 5000 метрде "В"тобында Дмитрий Бабенко 26-шы, Максим Баклашкин 28-нәтиже көрсетті. Екінші жарыс күні әйелдер мен ерелер арасында 1000 метр қашықтыққа жүгіруден басталды. Әйелдер арасында "В" тобында Екартина Аидова 12-орынға ие болды. Ерлер арасында "В" тобында Қазақстан намысын қорғаған Станислав Палкин 13-орын, Денис Кузин 16-орынға ие болды. Ерлер арасында масс-старта өнер кеөрсеткен Максим Баклашкин мен Дмитрий Бабенко финалға шыға алмады. Екатрина Аидова үшінші жарыс күнінде 500 метрлік қашықтықта "В" тобында 7-орын алса, ерлеріміз Роман Креч пен Станислав Палкин "В" тобында 22 сәйкесінше 23-ші нәтиже көрсетті. 1500 метрде "В" тобында ел намысын қорғаған Федор Мезенцев 14-ші орынға ие болды. Жарыстың нүктесін 1500 метрде өнер көрсеткен қыздар қойды. Аталмыш қашықтықта "В" тобында Екатерина Аидова 12-орынға ие болды.