Главная > Новости > Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Италияны ойсырата жеңді
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Италияны ойсырата жеңді
Әлем чемпионатына дайындық аясында хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Италиямен кездесіп жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейік, 10-17 желтоқсан аралығында Францияның Мерибель қаласында 20 жасқа дейінгі құрамалар арасында 1 дивизионның А тобында Әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан жастар құрамасы Латвия, Германия, Франция, Аустрия және Венгрия құрамаларымен жоғарғы дивизонға берілетін жалғыз жоллдама үшін сынға түседі. Италия U20 - Қазақстан U20 0:7 (0:2, 0:2, 0:3) Шайбалар: 0:1 - Орехов (Данияр Сн., Муратов) - 07:50 0:2 - Писмаркин (Назаренко, Рыжий) - 09:19 0:3 - Мелихов (Борисевич, Полохов) - 24:40 0:4 - Данияр Сн. (Данияр См.) - 35:51 ГМ 0:5 - Писмаркин (Гатиятов) - 51:13 ГБ 0:6 - Габдуллин (Муратов, Данияр См.) - 52:28 ГБ 0:7 - Данияр Сн. (Борисевич, Орехов) - 59:36 Қақпашылар: Столл - Каратаев