Главная > Новости > Жеңімпаздарды күтіп алу шарасына шақырамыз!
Жеңімпаздарды күтіп алу шарасына шақырамыз!
[b]Құрметті БАҚ өкілдері![/b] 9 желтоқсан күні Мексикада паралимпиадалық суда жүзу және ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталады. Қазақстан тарихында тұңғыш рет паражүзуден әлем чемпионатында Зульфия Габидуллина (1 алтын, 1 күміс) мен Наталья Звягинцева алтын иеленді. Сондай-ақ, Қазақстан қоржынына Ануар Ахметов пен Роман Агалаков күміс медальды салса, Андрей Афанасьев қола медальды жеңіп алды. (7 желтоқсанға дейінгі нәтижелер ) Осы себепті Сіздерді паражүзуден Қазақстан ұлттық құрамасын күтіп алу шарасына шақырамыз. [b]Спортшылардың келу орны:[/b] Астана қаласы әуежайы [b]Уақыты[/b]: 11 желтоқсан, сағат 05:45 [b] Жиналатын орын:[/b] Сағат 04:30 бен 05:00 арасында Сіздерді «Asia Park» ОСО бас кіреберісінде «минивен» автокөлігі аэропортқа жеткізу үшін күтеді. *Спортшыларды күтіп алу шарасына (әрі қарай пресс-конференция) қатысатын журналистердің тізімін 10 желтоқсанға дейін төменде көрсетілген нұсқаулық бойынша press.dshnk@gmail.com поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Аты-жөні: БАҚ атауы: Байланыс нөмірі: [i]Құрметпен, «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК Баспасөз қызметі[/i] [b]Байланыс үшін: [/b]Айдос Рымқұл 8 708 494 3120 8 (7172) 911 529