Главная > Новости > «Алтын тұғыр-2017» марапаттау рәсімі өтті
«Алтын тұғыр-2017» марапаттау рәсімі өтті
2017 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласының «Қазмедиа» орталығында 2017 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне: Қайрат Сатыбалдұлы – ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті Президенті, Бекболат Қанайұлы Тілеухан – ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Арыстанбек Мұхамедиұлы – ҚР Мәдениет және спорт министрі және марапаттау рәсіміне шақырылған қонақтар (тізім бойынша). Рәсімде, «Алтын тұғыр» жүлдесіне ұсынылған номинанттарды марапаттау, ұлттық спортты дамытуға үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен марапаттау және мерекелік концерт өтті. Номинациялар бойынша үздік көкпаршылар, аударыспақ, қазақ күресі, жамбы ату, теңге ілу, бүркітші, тоғызқұмалақ, асық ату, атбегі, үздік ұйымдастырушы өңір, ұлттық спорт түрлері федерациясы және т.б. марапатталды. Сонымен қатар, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев «Елімжан» төсбелгісімен марапатталды.