Главная > Новости > "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында" Президент Жолдауы талқыланды
"Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында" Президент Жолдауы талқыланды
"Ұлттық штаттық командалар және спорт резері дирекциясында" Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы талқыланды. Дирекция директорының орынбасары Е.Карбозов сөз сөйлеп, Жолдаудың Қазақстан халқы өміріндегі маңыздылығын, сондай-ақ спорт саласы өкілдеріне де тікелей қатыстылығын баса айтып өтті. Дирекция баспасөз-хатшысы А.Рымқұл Жолдаудың мазмұнымен ұйым қызметкерлерін таныстырды. Қызметкерлер соңғы Жолдаудың аса қызығушылықпен тыңдап, ондағы көрсетілген 10 міндеттің алдағы ел өміріне септігін тигізетіндігін айтты. [image]http://www.kazsports.kz/files/docs/7e782929.JPG[/image]