Главная > Новости > "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында" ардагер жаттықтырушыларды құттықтау жиыны өтті
"Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында" ардагер жаттықтырушыларды құттықтау жиыны өтті
"Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында" ардагер жаттықтырушыларды құттықтау жиыны өтті. Талай жыл Қазақстан спорты үшін еңбек сіңіріп, бүгінде мерейлі жасқа толып отқан ардагер жаттықтырушылардың еңбегі басшылық және әріптестері тарапынан тыс қалмады. Шайбалы хоккейден мемлекеттік жаттықтырушы - Пашковский Владимир Михайлович асқаралы 70 жасқа толуымен, сондай-ақ әскери-қолданбалы спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы - Жақыпов Мәдениет Бопантайұлын 50 жасқа толуымен дирекция директоры міндетін атқатурыш Ерғалиев Самат Серікханұлы арнайы құттықтап, гүл шоқтары мен қаржылай сыйлықты табыстады. Жиынды дзюдо күресінен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы - Қоныспаев Жандос Абумуталифұлы ҚР спорт түрлеріне талдау жасап, дирекцияның жыл бойына жасалатын жұмыс жоспарымен бөлісті. [image]http://www.kazsports.kz/files/docs/7de1895b.jpeg[/image]