Главная > Новости > "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында" жаттықтырушылардың жылдық жоспары талқыланды
"Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында" жаттықтырушылардың жылдық жоспары талқыланды
"Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында" мемлекеттік жаттықтырушылардың жылдық жоспары талқыланды.Тұрақты жиынды дирекция директорының міндетін атқатушы Ерғалиев Самат Серікханұлы спорт түрлері бойынша апталық көрсеткішті талдаумен бастап, жетістікке жеткен спортшылардың бапкерлеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, жиын барысында Конькимен жүгіру спорты бойынша ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы - Серсекенова Кенжеш Садыққызы "Өңірлерде конькимен жүгіру спорты даму барысы" атты баяндамасын жасап, спорттың даму көрсеткіштерін таныстырды. [image]http://www.kazsports.kz/files/docs/6713e760.JPG[/image] Су спорты түрлері бойынша ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы - Қартпаев Айдар Серікұлы "Су спортының Қазақстанда даму анализі" атты талдауын жасап, әріпестері мен басшылық алдында есеп берді.[image] http://www.kazsports.kz/files/docs/ae2f7386.JPG[/image]