Главная > Новости > ";Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында" мемлекеттік жаттықтырушылардың апталық жиыны өтті
";Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында" мемлекеттік жаттықтырушылардың апталық жиыны өтті
"Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында" мемлекеттік жаттықтырушылардың тыңдалымы өтті. Тұрақты өтетін жиынның алғысөзін дирекция директорының орынбасары Крючков Алексей Михайлович алып, әріптестеріне мемлекеттік жаттықтырушылардың қызметтік міндеттерінің аясы кеңейгендігін ескер салды. Карате шинкиокушинкайдан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Сарманов Қайыртай Қайыргелдіұлы каратэ спортының елімізде даму барысына тоқталды. Сондай-ақ, каратэны дамыту барысында кездескен қиындықтары мен атқарылып жатқан жұмыстарының тәртібі мен аналиізн әріптестері мен басшылыққа таныстырды. Стендтік атудан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Ли Елена Владимирқызы осы спорт түрінің елімізде дамуы мен атқарылған жұмыстарын атап өтті. Олимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің басшысы Жомарт Оразов "ҚР мемлекеттік жаттықтырушылардың әдеп ережелері мен олардың қызметтік міндеттері аясындағы өзгерістер мен толықтырулар" атты баяндамасын жасады.