Главная > Новости > Қазақстан Паралимпиада құрамасына киім мен ойындарға қажетті спорттық жабдықтар берілді
Қазақстан Паралимпиада құрамасына киім мен ойындарға қажетті спорттық жабдықтар берілді
Бүгін Щучинск қаласындағы сауықтыру базасында Қазақстанның Паралимпиада құрамасы спортшыларына "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" мен ҚР Паралимпиада комитеті бірілесіп, Пхенчан ойындарына арналған киім мен жарысқа қажетті құрал-жабдықтар табыстады. Рәсімді Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Айдын Анапин, ҚР Паралимпиада комитеті спорт бөлімі директоры Олжас Ақпанбетов өткізді. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Паралимпиада құрамасы бүгінге дейін 6 лицензияға ие болды. Олар: Кайрат Канафин – шаңғы және биатлон Александр Герлиц – шаңғы және биатлон Сергей Уссольцев – шаңғы және биатлон Денис Петренко – шаңғы Александр Колядин – шаңғы Жаныл Балтабаева – шаңғы Паралимпиада ойындары Кореяның Пхенчан қаласында 9-18 наурыз аралығында өтеді. [image]http://kazsports.kz/files/docs/076c5ce0.JPG[/image]