Басты бет > Жаңалықтар
Ош қаласында белбеу күрестен Азия чемпионаты өтті
24.05.2022

21-23 мамыр аралығында Қырғыз Республикасының ош қаласында белбеу күрестен Азия чемпионаты өтті. Құрлық бәсекесіне Қазақстан, Үндістан, Иран, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Пәкістан, Түркіменстан, Өзбекстан мен Жапониядан 185 спортшы қатысты.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын 17 балуан қорғады. Олар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер:

Бекбол Нұрланұлы – алтын (100 кг);

Мерей Әбдекешов – күміс (60 кг);

Ырысты Болатқызы – қола (70 кг);

Ернар Байжігіт – қола (90 кг);

Айта кетейік, белбеу күресі классикалық және еркін болып екіге бөлінеді. Бір балуан екі түрінде де күресе алады. Барлығы 12 салмақта кім мықты анықталды.

Ерлер: 60, 70, 80, 90, 100 және 100 келіден жоғары;

Әйелдер: 55, 60, 65, 70, 75 және 75 килодан жоғары;