Басты бет > Жаңалықтар
Қазақстан Испаниядағы каратэден әлем чемпионатына ең көп спортшы апарады
25.05.2022

4-5 маусым аралығында Испанияның Валенсия қаласында халықаралық каратэ федерациясы (IFK) ұйымдастыратын VI Әлем чемпионаты өтеді.

Переней түбегінде бақ сынайтыныг 39 мемлекеттің 465 өкілі растаған. Осы қатарда ең көп каратэшіні – 85 спортшыны Қазақстан құрамасы апарады. Екінші, жарыс қожайыны – Испания (82 спортшы), үшінші – Болгария (34), төртінші – Нидерланд (22), бестікті Украина (16) түйіндейді.

Айта кетейік бәсекеге 14 жастан асқан кумите шеберлері қатыса алады. 16-18 жас аралығындағы каратэшілерде 6-кю (көк белбеу), одан үлкендерде 8-кю (сары белбеу) болуы керек. Ал өзге ұйымдағы спортшылар қатысатын болса, кемі 2 жылдан бері жарыстарға қатысып келе жатқанын растауы қажет.