Басты бет > Жаңалықтар
Гандболдан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына аттанды
26.07.2022

29 шілде мен 11 тамыз аралығында Солтүстік Македонияда гандболдан 20 жасқа дейінгі қыздар арасында IX Әлем чемпионаты өтеді. Мұнда таңдаулы 32 құрама 8 топқа бөлінген. Қазақстан арулары D тобында Хорватия, Мысыр және Үндістан құрамасындағы құрбыларымен ойнайды. Жалпы бірінші топтық кезеңде 48 матч өтеді.

Қазақстан құрамасы алғашқы ойында 30 шілде күні Үндістанмен, ертесіне Мысырмен, 2 тамызда соңғы турда Хорватиямен шеберлік байқасады.

Әр топта үздік нәтиже көрсекен 2 құрама бас жүлде үшін таласты жалғастырады. Олар қайтадан төрт-төрттен 4 топқа бөлінеді. Осы жерде 1-2-орын алған командалар ширек финалда ойнаса, қалғандары 9 бен 16-орындарды сарапқа салады.

Ал алғашқы кезеңде топта 3-4-орын алған құрамалар 17-32-ші орындарды 4 топқа бөлініп анықтайды. Яғни, Президент Кубогы деп аталатын бұл кезеңде 16 матч өтеді деп жоспарланған. Айта кетейік, гандболда жеңіске жеткен құрама 2, тең түскендері 1 ұпай алады.

Әуелде бұл әлем чемпионаты Грузия астанасы Тбилисиде өтуге тиіс еді. Алайда Ресей мен Украина арасындағы саяси ахуалға байланысты Солтүстік Македонияға ауысты.