26.01.2024 | 23:55

Әбиба Абужақынова Португалиядағы Гран-приде қола медаль жеңіп алды

Ұлттық құрама дзюдошысы Әбиба Абужақынова Португалияда өтіп жатқан Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде жолында Сила Ерсінді (Түркия) ұтты.

Жалпы Әбиба қола жүлдеге дейін барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) жеңді. Алайда ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама алды.

Айта кетерлігі, Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтинг ұпай берілетін жарысы саналады. Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 700 ұпай, ІІ орынға – 490, ал ІІІ орынға 350 ұпайдан қосылады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес