21.04.2024 | 17:17

Айдос Сұлтанғали – Олимпиада лицензиясының иегері

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (60 кг) Айдос Сұлтанғали Бішкекте Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Айдос жартылай финалда Қытайдың Тайпейінен келген спортшының жауырынын жерге тигізді. Отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2-1 есебімен басым түскен.

Осыған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола медаль, Азия чемпионатында алтын алған Сұлтанғали алғаш рет Олимпиадада сынға түскелі тұр.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес