04.05.2024 | 20:28

Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем кубогында топ жарды

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Франция астанасын Парижде өтіп жатқан әлем кубогының 2-ші кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Техникалық бағдарламада біздің дуэт (Эдуард Ким/Наргиза Болатова) 216.3250 балл алды.

Одан кейінгі сатыға Италия құрамасы (Филиппо Пелати/Сара Мария Ризеа) 207.5367 ұпаймен, Испания құрамасы (Жорди Касирес Иглесиас/Жудиз Калво Реквена) 198.8417 ұпаймен жайғасты.

Еліміздің тағы бір жұбы Артур Майданов пен Валерия Столбунова (185.7367 ұпай) бесінші сатыға жайғасты.

Естеріңізде болса, 1 ай бұрын Қытайдағы алғашқы әлем кубогының кезеңінде Эдуард Ким мен Наргиза Болатова күміс жүлдегер атанған.

Сурет: Халықаралық су спорты түрлері федерациясы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес