Директор
Маратбек Саменбекұлы Мықтыбеков

Мықтыбеков Маратбек Саменбекұлы 1981 жылғы  8 маусымда  Оңтүстік Қазақстан облысында (Байдібек ауылында) туылды.

1996 жылы Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінің  «Дене  тәрбиесі» факультетіне  түсіп,  оны 2000 жылы  тәмамдады,  екінші алған  жоғары   білімі   осы  универститеттің  «Құқықтану» мамандығы.

Өзінің еңбек  жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінде  дене  шынықтыру  мұғалімі болып  бастады  және  2004 жылға  дейін қызмет етті.  2004 жылы   «ГазИнСервис» ЖШС-нің бас  менеджері, 2004-2005 ж.ж.  «Меркурий Снаб» ЖШС-да  компаниялармен  жұмыс жөніндегі  менеджер  болып істеді.  2005 жылы –  «Қазферроқорытпа» МТД  ЖШС-да құралдармен  жабдықтау  жөніндегі  бөлім бастығы,  2007 жылы –  «SATOperatingAktau» ЖШС  бас директорының кеңесшісі,  2007-2008 жылдары «Қазферроқорытпа»   ЖШС-да   жабдықтау   бөлімінің басшысы болды.

 2010-2011 ж.ж. «Алматы  қаласы бокс федерациясы» ЗТБ-нің Атқарушы  директоры.  2012 жылдан  бастап,  2017  жылға  дейін «Дзюдо федерациясы» РҚБ-да 1-ші  вице президент және  Бас  қазынашылық  қызмет атқарды.  2012 жылы –  «Азия бокс конфедерациясы» ЗТБ Атқарушы  директорының  кеңесшісі, 2013-2014 жылдары – Спорт және  денешынықтыру  істері  агентігінің  Алматы қаласындағы  «Күрес  түрлері  бойынша олимпиадалық  даярлау орталығы» РМҚК  директорының міндетін атқарушы,  2014-2017 жылдары  Спорт және  денешынықтыру  істері  агентігінің  Алматы қаласындағы  «Күрес  түрлері  бойынша олимпиадалық  даярлау орталығы» РМҚК-нің  директоры, «Қазақстан бокс федерациясы» ЗТБ  Президентінің кеңесшісі.   2019 - 2021 ж.ж.  кезеңде «Қазақстан бокс федерациясы» ЗТБ-да  ФА Президентінің кеңесшісі.  Ал,  2021 жылдан  бастап, қазірге дейін «Қазақстан бокс федерациясы» ЗТБ-да Атқарушы  директоры  болды.

Мықтыбеков Маратбек Саменбекұлы самбодан  ҚР  халықаралық  дәрежедегі  спорт шебері,  1997 жылғы  самбодан  жасөспірімдер арасындағы  әлем  чемпионы, дзюдодан  жастар арасындағы  әлем  чемпионатының қола  жүлдегері, 2002 жылғы  студенттер арасындағы   әлем  чемпионатының қола  жүлдегері.  

«Қазақстан бокс федерациясы» ЗТБ-да Атқарушы  директор лауазымында  өзін  жүктелген  міндеттерге  жауапты, батыл шешім  қабылдайтын  және  көпшілікпен тіл табысып,  жұмыс істейтін  басшы  ретінде танытты.