XIX Сурдлимпиадалық ойындарға ел құрамасы тас-түйін дайын

27/11/2019

Бүгін шайбалы хоккейден құрама команда арнайы спорттық киімдерін алды.

Спортшыларға хоккейге арналған киім, құрал-жабдықтарын Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев пен Спортты дамыту дирекциясының директоры Самат Ерғалиев табыстады.

Арнайы спорттық киім-кешек және құрал-жабдықтармен құраманың 15 хоккейшісі және қақпашы Антон Шадрин қамтамасыз етілді.

Серік Маратұлы және Самат Серікханұлы ел спортшыларына алдағы додада сәттілік тілеп, жүлделі орындардан көруге сенім білдірді.

12-21 желтоқсан аралығында Италияның Валтеллина және Валчиавенна қалаларында өтетін байрақты бәсекеде спортшыларымыз шаңғымен жарыс, шайбалы хоккей, сноуборд және шахмат спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер