Сурдлимпиада ойындары жалауын көтерді

12/12/2019

Италияның Сондрио қаласында Сурдлимпиада ойындарының алауы тұтанды.  19-Қысқы сурдлимпиада ойындары ресми  түрде ашылып, спортшылар бас алаңмен салтанатты түрде жүріп өтті.

Есту қабілеті төмен спортшылар арасында өтетін байрақты бәсекеге 34 елден 506 спортшы қатысады.  Олардың 377-сі ерлер, 129-әйелдер.

Спортшылар спорттың  алты түрі: шайбалы хоккей, сноуборд, шаңғымен жүгіру, тау шаңғысы, керлинг  және шахматтан бақ сынайды. Дүбірлі додада Қазақстан атынан 40 спортшы шайбалы хоккей, шаңғымен жүгіру сноуборд, шахмат секілді спорттың төрт түрінен сынға түседі

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер