Шахмат: Ринат Жұмабаев Халықаралық турнир жүлдегері атанды

28/02/2020

19-28 ақпан аралығында Ресей астанасы Мәскеуде шахматтан «Аэрофлот Опен 2020»  Халықаралық турнирі өтті.  

Байрақты бәсекеге 21 елден 97 спортшы қатысты. Олардың 65-і Халықаралық дәрежедегі гроссмейстерлер мен 30-ы Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

Қазақстан құрамасы сапында «А» категориясында сынға түскен отандасымыз Ринат Жұмабаев тоғыз кезең қорытындысы бойынша жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды.Турнир алтынын Әзірбайжан шахматшысы Айдын Сулеймани иеленсе, қола жүлде де әзірбайжандық Рауф Мамедовке бұйырды.

         Естеріңізге сала кетейік 2019 жылы елімізде өткен командалық Әлем чемпионатында Ринат 2016 жылғы вице-чемпион  Сергей Карякинді жеңген болатын. Ал мамыр айында Ташкентте (Өзбекстан) өткен Аймақтық турнирде алтын жүлде иегері атанып, қараша айында АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен  A Winter chess clssic туринирінде екінші орынға тұрақтады. Шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ринат Жұмабаевтың  әлемдік рейтингі-2646 ұпайды құрайды.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер