Елімен бірге Елбасы

08/04/2020

Ел басына күн туған қиын шақта, Елбасы қолдауының маңызы зор. Тұтастай әлемді жайлаған коронавирус індеті елімізді шет айналып өтпеді.

Осы орайда бүгін Елбасы - Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына үндеуін жолдады. Баршаны сабырға шақырып, ақ тілеулі сөзін арнады. Тарихқа көз жүгіртіп, бабалар сөзін тілге тиек етті. Аты жаман індетті темірдей тәртіппен ғана жеңе алатынымызды айтып, көршілес Қытай халқын мысалға алды. Өз сөзін зиялы қауым мен аға ұрпаққа жолдауынан бастаған Нұрсұлтан Әбішұлы, жас ұрпаққа жігер беріп, кәсіпкерлерді елмен бірге болуға үгіттеді. Ұлт саулығын қашанда басты орынға қоятын Елбасымыз бұл жолы да халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Осы орайда Спортты дамыту дирекциясы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен #BIZBIRGEMIZ #ALGAQAZAQSTAN жобасы аясында бірқатар онлайн жаттығулар мен сұхбаттар легін мекеменің әлеуметтік парақшаларында оқырмандар назарына ұсынуда. Негізгі мақсат - спорт залдарының каратинге байланысты жұмысын тоқтатқанына қарамастан, халыққа жаттығу жасауды қол жетімді ету. Жоба аясында еліміздің танымал спортшылары күн сайын тікелей эфирде жаттығу жасауда. Әлемдік ареналарда көк байрағымызды желбіретіп, ән ұранымызды асқақтатып жүрген даңқты спортшыларымыз да Елбасы үндеуін қолдап, халықты сабырлыққа шақыруда. Небір қиын-қыстау күндерді бастан кешірген еліміз бұл сынақтан да сүрінбей өтеді деп сенеміз.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер